×

Елімізде көпұлтты «BIRLIK» ән-би ансамблі құрылды

Қазақ даласында тұратын түрлі этностар мәдениеті мен төл өнерін насихаттайтын аталмыш «Birlik» ансамблі тұсаукесер концертін алғыс айту күні қарсаңында өткізуді жөн көрген

Елімізде көпұлтты «BIRLIK» ән-би ансамблі құрылды

Болашақ ұрпақты өзге ұлттардың өнері мен мәдениетімен таныстырып, сондай-ақ қазақ қоғамы арасында  көпұлтты Қазақстан халқының бірлігін мәдени код ретінде  нығайту мақсатында құрылған ансамбльдің тұсаукесер шарасында барлығы 15 нөмір ұсынылды. 

Түрлі этностың тыныс-тіршілігінен сыр шертетін жеке хореографиялық шығармалар мен аспаптық, вокалдық шеберлігін паш ететін кеш көрермен тарапынан жоғары баға алды деуге болады. 
Солардың бірі – қазақ биі «Күй шашу», ЮНЕСКО Дүниежүзілік Ұйымына әлемнің материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енген Әзербайжан халық биі «Яллы», «Ағаш үйдің маңында» неміс полькасы, ҚР халқының әндерінен попурри, ұйғыр биі, корей, татар билері ұсынылды. 

Қазақ даласында тату-тәтті тұрмыс кешетін түрлі этностың тыныс-тіршілігі мен мәдениетінен сыр шертетін жеке хореографиялық шығармалар мен аспаптық, сондай-ақ вокалдық шеберлігін паш еткен бұл кеш көрермен тарапынан жоғары баға алды деуге болады.

Ансамбльдің тұсаукесер шарасында көрермен назарына ұсынылған туындылардың бірі – қазақтың ұлттық биі «Күй шашу» болды. Әзербайжан халқының биі «Яллы» қойылды. Бұл бидің ЮНЕСКО-да әлемнің материалдық емес мәдени мұрасы ретінде тізіміне енгенін атап өту керек.   Сонымен қатар, халық әндерінен попурри, ұйғыр билері, корей, татар билері, және атақты «Ағаш үйдің маңында» неміс полькасы секілді туындылар ұсынылды. 

Сонымен қатар, Анель Марабаева, Аида Бекишова, балетмейстер Жаңатай Қожабеков секілді белгілі хореографтар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлерімен бірге бұл кешке Ресей, Татарстан, Өзбекстаннан шақырылған көрнекті мамандар атсалысқанын айта кету керек. 

Бұлардың қатарында, Татарстанның Мемлекеттік ән-би ансамблінің хореографы,  Татарстанның халық әртісі Ляйсан Хаметова, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Омбы мемлекеттік орыс халық хорының бас балетмейстері Зуфар Толбеев, Өзбекстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Одилбек Орипов пен Эвелина Протасова секілді өнерпаздар келіп қатысқан. 

Ал тұсаукесер-концерттің өзін режиссер Саян Мырза жүргізді.

«Өнер сахнасына енді келіп қосылып жатқан «Birlik» ансамблінің негізгі ерекшелігі елімізде тұратын этнос өкілдерінің әртістерінен құралып отыр. Қазақ даласында тұратын халықтардың ұлттық фольклоры, өнері мен төл мәдениетін, ұмытылып бара жатқан құндылықтарын көрсетуді көздедік. Жалпы ұжымның репертуарында елімізде тұратын 130 этностың музыкалық мұрасы мен өнерін барлығы қамтылып отыр деуге болады», – деді Қарлығаш Әжиева.


Елімізде алғаш көрермен алдына шығып отырған «BIRLIK» ән-би ансамблінің өнерін тамашалауға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Сенат және Мәжіліс депутаттары, дипломатиялық корпус өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен әртүрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14