×

Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға арналған кездесу өтті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі» тақырыбында арнайы кездесу өтті, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға арналған кездесу өтті
Фото: видеодан скриншот

Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты. 

Бұл кездесу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының тапсырмасы бойынша жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. 

Шара барысында жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң бұзушылықтардың салдарын түсіндіру және олардың алдын алу жолдары талқыланды. Студенттерге құқықтық жауапкершілік туралы нақты ақпарат беріліп, құқық бұзушылықтың өмірге тигізетін зардаптары нақты мысалдармен көрсетілді. 

Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі Қайсар Қалдабаев жастар арасындағы қылмыстың 4,2%-ға артқанын атап өтті. Ол, әсіресе, синтетикалық есірткі саудасы және әлеуметтік желілер арқылы алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткеніне тоқталып, бұл үшін ауыр жазалар қарастырылғанын ескертті. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қалада 71 мобильді топ құрылып, 469 рейдтік шара ұйымдастырылғанын және 4800-ден астам түнде бей-берекет жүрген жасөспірімдердің анықталғанын айтты. 

Кездесуге арнайы шақырылған бокстан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері Біржан Жақыпұлы жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын айтты. 

Бұл сияқты іс-шаралар жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ қоғамдағы құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге ықпал ететіні сөзсіз.

В Казахстане вырастут размеры двух пособий в 2025 году

На 6,5 процента от размера получаемых социальных выплат
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 15:28

Эксперты ухудшили прогнозы инфляции в Казахстане

Они полагают, что по итогам этого года инфляция составит 8,4%
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 12:27

58 школ оштрафовали за отсутствие лицензии на образовательную деятельность

В основном они расположены в городе Астана и Алматы, Атырауской, Алматинской, Западно-Казахстанской, Туркестанской, Мангистауской и Жамбылской областях
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 11:22

Казахстанские лыжники завоевали шесть медалей в первый день Кубка Восточной Европы

В данной дисциплине приняли участие более 160 спортсменов
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 10:33

Премьер провел оперативное совещание в связи с ситуацией вокруг Украины

На повестке - принятие срочных мер по обеспечению безопасности основных военных и гражданских объектов 
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 09:43

Какой будет погода в Казахстане 22 ноября

Ее будет определять Северо-западный циклон
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 09:28

Токаев дал поручение в связи с эскалацией ситуации вокруг Украины

Президент Казахстана поручил принять срочные меры по обеспечению безопасности основных военных и гражданских объектов
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 07:22