Сарыөзекке ауыз мәселесін шешу үшін 178,6 шақырым су құбыры тартылып жатыр
Мемлекет басшысының еліміздегі ауыз су мәселесін шешу туралы тапсырмасынан кейін өңірлерде үлкен жұмыстар қолға алынып жатыр.
Ұзақ жылдар бойы қордаланып қалған жобалар қайта қолға алынып, көптеген өңірлердің тұрғындары ауыз суға да қол жеткізе бастады. Сондай өңірлердің бірі - Жетісу облысы.
Мәселен бүгінде жетісулық тұрғындар үлкен жобаның аяқталуын тағатсыздана күтіп отыр.
Жетісу облысындағы Кербұлақ ауданына қарасты Сарыөзек ауылының халқы ұзақ уақыт бойы ауыз суға жарымай келген еді. Бүгінде осы мәселені шешу үшін жалпы ұзындығы 178,6 шақырым болатын су құбыры тартылып жатыр. Оны Кербұлақ өңірінің тұрғындарымен кездесуі барысында Жетісу облысының басшысы Бейбіт Исабаев өзі сүйіншіледі. Бұл жаңалықты аудан халқы үлкен қуанышпен қарсы алғанын атап өту керек.
Жалпы, Кербұлақ ауданына қарасты 63 ауылды мекеннің тек 39-ы ғана бүгінгі есеп бойынша орталықтандырылған ауыз су жүйесімен мен қамтамасыз етілген екен.
Яғни ұзақ жылдар бойы өңір халқының жартысына жуығы ауыз суға жарымай келген. Бұл әсіресе Сарыөзек ауылының тұрғындарына қатты батып келген еді. Себебі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі жиырма жылдан астам уақыт бойы өзекті күйінде қалып, еш шешімін таппай келген еді.
Аудан тұрғындары да кездесу барысында әкімге бұл мәселені барынша ашып айтты. Өз кезегінде өңір басшысы бұл мәселенің аяқсыз қалмайтынын, шешімін табуға өте аз уақыт қалғанын атап өтті.
Әкімнің айтуынша, жоба ертерек басталған. Жоба 2008-2022 жылдары аралығында іске асуы тиіс болған. Алайда белгілі себептермен аяқсыз қалған. Ауданға қарасты өңірлердегі ауыз су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары төрт кезең бойынша жүргізілді. Алайда, тексеру жұмыстары барысында жалпы ұзындығы 72 шақырымнан астам аумаққа төселген су құбырынан ақау табылып, жобаның жұмысы баяулаған. Құбыр тарту жұмысына сапасыз материалдар пайдаланылған. Сол себепті оларды қайтадан басынан бастап тартуға тура келді. Қазіргі таңда ақау шыққан су құбырларының барлығы жаңартылды. Кәріз құбырлары да жаңартылып, жоспарға сай жаңартылды.», - дейді облыс басшысы.
Әкімнің айтуынша, бүгінге дейін жалпы ұзындығы 180 шақырымға жуық құбыр тартылыпты. ОЛ ұзақ жылдар бойы ауыз судан тарығып келген Сарыөзек ауылының халқын толық қамтамасыз етуге жетеді.
«Құрылыс-монтаж жұмыстары осы жылдың шілде айында басталған. Бұйырса, алдағы екі жыл ішінде Сарыөзек ауылындағы су мәселесі толығымен шешілуі тиіс», - дейді Б.Исабаев.
Айтпақшы, Қазынсу, Тастыөзек, Ақбастау, Қосағаш ауылдарын сумен қамтамасыз ету жұмыстары да аяқталып отыр. Сол секілді Шаған Қарымсақ және Қарашоқы ауылдарындағы су желілерінің құрылысы да арқынды жүріліп жатыр. Жыл соңына дейін аяқталып, тұрғындар тазу суға қол жеткізбек.
Оңжас, Шаңхана, Көктал, Күреңбел, Көкбастау, Қарлығаш, Берікас, Басши ауылдары мен Малайсары стансасындағы ауылдарында да жер асты суларының мол қоры анықталып, сумен қамту жобалары жасалып жатқан көрінеді. Бүгінде аталмыш жер асты суларының қорларына зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізілуде.