×

Бельгиялықтар асырап алған Жәнібек Жақсылық Досқалиевке не үшін рахмет айтуы керек

Adal Adam youtube арнасының денсаулық министрлігін бұрын басқарған Жақсылық Досқалиев шетелге кеткен балалардың бетіне тура қарай аласыз ба деген сұрағына жауап берді.

Даурен Омаров 29.01.2024 | 11:48

Бельгиялықтар асырап алған Жәнібектің тағдырына қатысты біраз былықтың әшкереленгеніне қарамастан, экс-министр тастанды баланың өзіне рақмет айтуы керектігін айтты. 

«Жәнібектің көзіне тура қараймын. Келсін тура қараймын. Мен мысалы оның тағдырын білмеймін, қалай кеткен, қай жаққа, қалай болғанын. Бірақ Жәнебекке айтам: «Айналайын, Қазақстанға келіп, ананды іздеп жүргенің дұрыс. Бірақ сенің анаң осындай жасап кетті. Енді сен үлкен жігіт болдың ғой. Үйлі-күйлі боласың ғой. Мына анаңның жасағанын жасама» деймін. Билік неге мені өзі асырамады деп сұраса, маған сұрақ қоярдан бұрын ойламадың ба, елге қайтам, тегімнің қасында болам деп. Сен неге 18-ге келгенде Қазақстанның азаматтығын алмадың деген сұрақты қоямын», - деді Досқалиев.

Сонымен қатар, Досқалиев Жәнібектен басқа шетелге кеткен барлық қазақ балаларының бетіне тура қарай алатынын жеткізді. 

«Тура қараймын. Өйткені айтам: Сен ол кезде мүгедек болдың. Сенің денсаулығыңды түзететін осы жерде жағдай болмады. Содан кейін мына асырап алған адамдар сенің денсаулығыңды түзеп, сен менің алдыма келіп, аға деп сұрап отырсың. Рахмет деп айтуың керек», ‒ деді экс-министр.

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14