×

Ауыл халқы жеңілдікпен несие ала алады

«Ауыл аманаты»  жобасы ауыл халқының әл-ауқатын арттыру және қордаланып қалған әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған жоба екені белгілі.

Adal Adam 19.09.2024 | 16:58
Ауыл халқы жеңілдікпен несие ала алады
Фото: ortalyq.kz

Әсіресе жаппай жұмыссыздықты азайтуға да үлкен үлес қосып отыр. Себебі, аталмыш бағдарлама қазіргі таңда ауыл халқына 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алуына мүмкіндік беріп келеді. Бұл қаржы шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосып отыр.

2023 жылы бастау алған бұл бағдарламаның шарапатын бүгінге дейін жалпы саны 15 мыңнан аса адам көріп үлгерген. 100 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген жоба әзірдің өзінде өзін ақтап отыр. Ел аумағында жаңадан мыңдаған кәсіп түрі ашылып, 15,5 мың жұмыс орны құрылған.

«Мал шаруашылығын дамытуға 11,9 мың шағын несие, өсімдік шаруашылығын дамытуға - 539 шағын несие берілді. Сонымен қатар техника мен құрал-жабдықтарды сатып алуға деп 411 несие мақұлданды.  1,6 мың шағын несие басқа да қызмет салаларына бағытталып отыр», - дейді Ауылшаруашылығы министрлігі өкілдері.

Сондай-ақ бағдарлама аясында ауыл тұрғындарының бизнесін дамытудың құрамдас бөлігі - ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып отыр. Олар өз кезегінде ресурстар түрлерін біріктіріп,  жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін неғұрлым тиімді шарттармен сатуды қамтамасыз етуге жол ашып отыр. Осылайша жыл өткен сайын ауыл тұрғындарының кірісі де артып келеді.

«Ауыл аманатын» жүзеге асыру барысында өңірлерде төрт жүзге жуық осындай ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып үлгерен. Олардың 361-і өсімдік шаруашылығында, 1510-ы мал шаруашылығында, 2040-ы басқа қызмет түрлері бойынша жұмыс істеп тұр.

Бүгінде олардың 321-і қаржы тарта бастаған. Ал қаржыландыру көлемі  6,7 млрд теңгеге дейін жеткен.

«Өткен жылы олар 67,8 млрд теңгенің 1,2 млн тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімін, өсімдік шаруашылығында 22,3 млрд теңгенің 1053,6 мың тоннасын, мал шаруашылығында 45,5 млрд теңгенің 187,3 мың тоннасын өндірді. Бұл 2022 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда  30%-ға артық», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің биылғы есебінде.

Бағдарлама талаптары бойынша шағын несие бес жылға дейінгі мерзімге беріледі. Ал мал шаруашылығы саласына қатысты жобалардың мерзімі жеті жыл.

Шағын несиенің ең жоғары сомасы 2,5 мың АЕК-ті құрайды. Ал ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытамын деген тұлғалар  8 мың айлық есептік көрсеткішке дейін несие ала алады.

Почему опрос на eGov на тему часового пояса смогли пройти только 200 тыс. казахстанцев

25 ноября он  пропал «по истечению срока актуальности
Алина Мороз Алина Мороз 26.11.2024 | 18:33

5 тысяч шымкентцев трудоустроят на самой большой в стране теплице

Строительством тепличного комплекса займется турецкая компания
Павел Седых Павел Седых 26.11.2024 | 17:55

Токаев принял министра туризма и спорта

Президент поставил перед министром ряд задач по дальнейшему совершенствованию сферы 
Алина Мороз Алина Мороз 26.11.2024 | 16:09

Как будут работать детские сады, школы и вузы в связи с саммитом ОДКБ в Астане

Об этом сообщили в Министерстве науки и высшего образования. 
Алина Мороз Алина Мороз 26.11.2024 | 15:47

До 2029 года планируется закупить порядка 1,2 тыс. пассажирских вагонов

Об этом сообщил глава Минтранспорта Марат Карабаев
Павел Седых Павел Седых 26.11.2024 | 15:25

Шымкенттік аспаздар халықаралық гастрономиялық байқаудан жүлдемен оралды

Шымкенттік аспаздар Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық гастрономиялық байқауда Қазақстанның атын асқақтатты.
Adal Adam Adal Adam 26.11.2024 | 13:47

Токаев сменил командующего войсками регионального командования «Юг»

И главнокомандующего Сухопутными войсками Вооруженных Сил РК
Алина Мороз Алина Мороз 26.11.2024 | 13:05