×

Ауыз суға жарымай отырған елді-мекендер саны азайып келеді

Соңғы жылдары елімізде ел экономикасының тірегі – ауылға көбірек көңіл бөліне бастады.

Adal Adam 02.09.2024 | 16:43
Ауыз суға жарымай отырған  елді-мекендер саны азайып келеді
Фото: TENGE MONITOR

Аталмыш салаға бөлінетін қаржы да көбейіп, мемлекет тарапынан ауылға жалпы ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламалары да қарқын алып келеді. Бұл өз кезегінде ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан ауыз су мәселесіне де оң әсер етіп отыр. Яғни жыл өткен сайын сапалы ауыз суға жарымай отырған  елді-мекендер саны да біртіндеп азайып келеді. 

Жақында Жетісу облысы, Алакөл ауданына қарасты Бибақан ауылының тұрғындары қоңыр күзді қуанышты жаңалықпен қарсы алды. Нақты айтар болсақ, жүз елуден тұрғыны бар Бибақан ауылы ауыз суға қосылды. Тұрғындардың айтуынша, ауылда бұған дейін орталықтандырылған су құбыры болмаған. 

«Аулаға орнатқан су сорғыштан су алатынбыз. Сондай-ақ бақшаны суару қажет болды, сондықтан су әрқашан жеткіліксіз болды. Суды үнемі үнемдеуге тура келді, әсіресе жазда. Қазір ауылымызға су тартылды. Су таза және жұмсақ. Қысым да жақсы. Адамдарға қажетті жағдай жасап, халықтың қамын ойлайтыны қандай жақсы, өйткені ауыз су бәрінен де маңызды», - дейді ауыл тұрғыны Қапиза Хамитова.

Айта кетерлігі, алақандай ғана ауылға су тарту жұмыстары «Ауыл аманаты» жобасы аясында іске асырылып отыр. Орталықтандырылған су құбырын тартуға ел қазынасынан 245 миллион теңге бөлініпті. Су тарту жұмыстары өткен жылы басталған. Айналасы бір жылдың ішінде екі ұңғыма қазылып, ұзындығы  алты шақырым су құбыры желісі тартылған. 

Ауылға құбыр желісінің тартылуы өрт сөндіру ісіне де әсер еткен. Мамандар көлемі 18 текше метр болатын алты өрт сөндіру цистернасын орнатып берген. Әрине бұл да ауыл тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлаған.

Алакөл ауданы құрамына 56 елді мекен кіретін әкімшілік аумақ болып есептеледі. Бүгінде осындай жүйелі жұмыстардың арқасында 47 ауылға орталықтандырылған су жүйесі тартылған. Қазіргі таңда тағы ьөрт ауылға су тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
 

МӘМС шеңберінде қызмет көрсету сапасы назарда

Емдеу мекемелерінің барлығы МӘМС шеңберінде тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге міндетті. 
Даурен Омаров Даурен Омаров 27.11.2024 | 17:02

Особое внимание уделяется качеству обслуживания в рамках ОСМС

Представители филиала Фонда обязательного медицинского страхования по городу Шымкент посещают все медицинские учреждения города, разъясняя сотрудникам преимущества системы ОСМС и порядок ее реализации
Adal Adam Adal Adam 27.11.2024 | 16:07

Более 12 тысяч казахстанцев назначена специальная социальная выплата

Для лиц, длительное время проработавших во вредных условиях труда
Алина Мороз Алина Мороз 27.11.2024 | 16:04

Казахстанцы теперь могут получить справку формы 073/у через eGov

Она будет действительна в течение года
Алина Мороз Алина Мороз 27.11.2024 | 15:40

В Казахстане создан алгоритм по предупреждению паводков и засух для госорганов

Мажилис одобрил в первом чтении проект Водного кодекса
Алина Мороз Алина Мороз 27.11.2024 | 14:23

Когда казахстанцы увидят итоги опроса eGov о переводе времени

Опросом охвачено около 200 тыс. человек
Алина Мороз Алина Мороз 27.11.2024 | 13:29

Шымкентте «Күміс жас» бағдарламасы іске асуда

Шымкентте «Күміс жас» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасқан азаматтар жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізіп, қоғамның дамуына өз үлестерін қосуда.

Дополнительные средства из Нацфонда направят на социально значимые проекты

Мажилис принял законодательные поправки в Закон «О республиканском бюджете на 2024-2026 годы» 
Алина Мороз Алина Мороз 27.11.2024 | 12:25