Өңірлерде жаңа кәсіпкерлер шоғыры қалыптасып жатыр
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бүгінде экономикалық жағынан өзінің тиімділігін көрсетіп үлгерді.
Аталмыш бағдарламаның арқасында еліміздегі гүлденген елді-мекендердің саны артып, жаңа кәсіпкерлер шоғырын қалыптастырып отыр. Бағдарламаға белсенді қатысып отырған өңірлердің бірі – Ақтөбе облысы. «Ауыл аманаты» бағдарламасы біздің аудандарға айтарлықтай қолдау көрсетуде. Бағдарлама бойынша қомақты көлемде несиелер беріліп, қосымша жаңа кәсіпорындары ашылып жатыр. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс орындары ашылуына жол ашып отыр. Аталмыш юағдарлама жаңа кәсіпкерлердің қатарын көбейтіп отыр. бұл жергілікті халықтың бұл бастамаға үлкен қызығушылық танытқанын көрсетеді», - дейді өңір басшысы Асхат Шахаров.
Жалпы өңір бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасын сәтті жүзеге асыру мақсатында ел қазынасынан 8,5 млрд теңге бөлінген. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, бүгінге дейін аталмыш бағдарлама бойынша 1444 өтініш келіп түскен. Қазіргі таңда соның 950-ге жуығы мақұлданып, жалпы сомасы 6,5 млрд теңге көлемінде несие берілген. «Ауыл аманаты» бағдарламасына ең белсенді қатысып жатқан өңірлер Алғын, Қарғалы, Шалқар, Хромтау аудандары екен.
Ал Жамбыл облысы бойынша аталмыш бағдарламаынң арқасында айналасы бірер жылдың ішінде 4 мыңнан астам кәсіпкер атанған. Барлығы да осы «Ауыл аманаты» жобасының арқасы дейді олар. Бір қуантарлығы өңірдің «Ауыл аманаты» бойынша, қаржыландырылған кәсіпкерлерінің түгелге жуығы аяғынан тік тұрып кеткен. Яғни жоба өзін-өзі ақтап отыр.
«Ауыл аманаты» жобасы бүгінде жалпы Жамбыл облысы бойынша 51 ауылдық округті қамтып отыр. Тек өткен жылдың өзінде ғана 25 жарым млрд теңге бөлініп, ұзын-саны 4076 жобаға қаржы бөлінген. Бұл қаржыға кәсіпкерлер 152 мыңнан астам мал және 65 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алып кәсіп ашқан.
Осының арқасында соңғы жеті айдың өзінде ғана ауыл шаруашылығы өнімі 4 пайызға, ірі қара мал басы 7,9 пайызға, қой 21,9 пайызға, жылқы 5,8 пайызға, ет өнімдерін өндіру көлемі ұлғайған.
Сол секілді осы жылдың мамыр айында АШМ техникасын сатып алуға деп жергілікті бюджеттен қосымша 600 млн теңге теңге көлемінде қаржы бөлініпті.
Келесі кезең – 10,5 млрд теңгені құрайтын кемінде 1200 жобаны қаржыландыру.
Жобаның мультипликативті әсері орасан зор болады. Сол секілді келе жылы да да ұзын-саны 500-ден астам кәсіп ашылады деп күтіліп отыр. Бұл өз кезегінде кемі он мыңнан астам адамға жұмыс тауып бермек.