×

Тамара Дүйсенова өңірлердегі «Ауыл аманаты» бағдарламасының қатысушыларымен кездесті

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова осы аптада еліміздің бірнеше өңіріне барып, Мемлекет басшысы үлкен маңыз беріп отырған «Ауыл аманаты» жобасының атқарылу есебін тыңдап қайтты.

Adal Adam 23.09.2024 | 17:24
Тамара Дүйсенова өңірлердегі «Ауыл аманаты» бағдарламасының қатысушыларымен кездесті
Фото: ҚР Премьер-Министердің баспасөз қызметі

Алдымен Түркістан өңіріне табан тіреген Дүйсенова ханым ауылдық округ әкімдерімен өткен жиында ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту шараларын талқылады.

Премьер-министрдің орынбасары кездесу барысында Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында  «Ауыл аманаты» жобасына ерекше тоқталып,  ел дамуына үлес қосам деген кез-келген адамға қолдау көрсетуге тапсырма бергенін атап өтті. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының айтуынша, сандық отбасы картасының деректері негізінде Мемлекет қолдауына ие болатын әл-ауқаттың 5 санаты анықталған. Сондай-ақ ол Дағдарыс және төтенше жағдайлар санаттарымен жұмыс істеу мақсатында мемлекеттік қолдаудың ең оңтайлы шараларын қолдану қажет екенін,  «Бір ауыл – бір өнім» тәсілін енгізу жоспары бар екенін айтты. Айтуынша, бұл жергілікті шикізаттан жоғары пайда әкелетін өнім өндіруге жол ашады. Вице-премьер бұл бастамаға оң баға берді.

Тамара Дүйсенова Ақтөбе облысына барған сапарында да тек облыспен шектеліп қалмай аудан, ауыл әкімдерімен кездесті. Кездесу барысында жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мәселесіне де арнайы тоқталды.

Кездесуде жергілікті тұрғындар «Ауыл Аманаты» яғни ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасының жүзеге асырылу нәтижелерінің көңілінен шығып отырғанын атап өтті. Жоба аясында ауыл тұрғындары өз ісін ашу үшін жеңілдетілген шағын несие алып жатқаны, сондай-ақ кәсіп ашқысы келетіндерге мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар қарастырылғанына ризашылықтарын білдірді.

Мәселен, Қобды ауданының тұрғыны Разия Ғалиева «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 8,5 миллион теңге несие алып, студия ашқан. Мемлекеттік қолдау аясында бөлінген қаражатқа ол киім өндірісінің мүмкіндіктерін кеңейткен станок сатып алды. Қазір оның студиясында 16 адам жұмыс істеп, жалақы алып отыр.

Вице-премьер жобаның басқа да қатысушыларымен кездесу барыснда ауыл тұрғындарының табысын арттыру бағдарламасы аясында тұрғындардың түрлі салада кәсіп ашуына мүмкіндік беріп отырғанына көз жеткізді.

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14