×

Ғалымдар да ел дамуының драйвері болып отыр

Өңірлердің инфрақұрылымын жақсарту мақсатында қолға алынған ұзақ мерзімді «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» Ұлттық жобасының екі бағытта жұмыс істеп жатқаны белгілі.

Adal Adam 28.09.2024 | 17:10
Ғалымдар да ел дамуының драйвері болып отыр
Фото: ашық дереккөзден

Бірінші бағыты  - инфрақұрылымды кешенді дамытып, сапалы әрі жайлы тұрғын үйлердің қолжетімділігін арттыруды көздесе, екінші бағы - көлік инфрақұрылымына негізделген. Яғни экономикалық өсуге айтарлықтай кедергі болып отырған ескі инфрақұрылымдардан бас тартып, жаңа сипаттағы көлік саясатын, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әрине бұл бағытта біршама жұмыстар жасалды. 

Әрі бұл бағытта отандық ғалымдар да үнемі ізденіс үстінде деуге болады. Мәселен жуықта Жетісу университетінің ғалымдары электр мотоциклдің сандық (смарт) моделін жасап шықты. Жоба - Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жас ғалымдары Қуаныш Жақпаев, Жалғас Ахметов және Әнет Ибраимов деген жас ғалыдарының жұмысы.

Жоба авторларының айтуынша, аталмыш ақылды электр мотоцикл Harley-Davidson моделінің негізінде жасап шығарылған. Ерекшелігі, ақылды электрлік мотоциклді мүмкіндігі шектеулі адамдар да оп-оңай басқара береді. Бұл көлік экологиялық жағынан таза және жүк тасымалдауға ыңғайлы болып отыр.

Жобаны толық жүзеге асыру үшін ғалымдар тобы «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына қатысып, арнайы грантқа ие болды. Қазіргі таңда университет ғалымдары электр қуатымен жүретін үнемді әрі ыңғайлы көліктер шығаратын цех ашып, отандық өндірістің дамуына үлес қосуда. Болашақта олар электр мотоциклін нарыққа шығарып, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды жоспарлап отыр.

Басында айтып өткеніміздей, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» Ұлттық жобасының негізгі қағидаттарының бірі осы жүк тасымалын дамыту. Себебі, алда яғни 2025 жылға дейін елімізде транзиттік тасымал көлемін 30 млн тоннаға дейін жеткізу мақсаты тұр. Осыған қарап, экологиялық жағынан таза және жүк тасымалын көздейтін кез-келген жобасы қолдауға лайық екенін айта кету керек.

Сонымен қатар елімізде күн өткен сайын қоғамдық және жеке көліктер санының көбеюіне байланысты жол қозғалысын орталықтандырылған жүйе арқылы бақылау және қала тұрғындары мен қонақтарының қозғалысына қолайлы жағдай жасау мәселесі туындап отыр. Шучинск қаласындағы мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы осы мәселенің шешімін тапқан. 

Сұлухан Амангелді жобамен бір жарым жыл бұрын айналыса бастаған. Қаламыздағы кейбір аялдамалар жақсы жағдайда болмағандықтан, бұл қала тұрғындарының өмірін қиындатады. Қаламыздан күн сайын көптеген ауылдарға жолаушылар қатынайды. Бұл жоба жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, қоғамдық көлікте күту уақытын қысқарту мақсатында әзірленді», - дейді басшы, информатика пәнінің мұғалімі Әсел Ғабдуллина.

Оқушы қыздың айтуынша, ол бастапқыда басқа елдерде осындай аялдама орнату тәжірибесін зерттеген. Мұндай аялдамалар АҚШ пен Нидерландыда бар екені белгілі болады. Сосын оқушыға бұл дизайнды Қазақстанның ауа-райына бейімдеу керек деген ой келген.

«Аялдамада автобус бағыттарының сенсорлық картасы, автобустарды бақылауға арналған GPS сенсорлары, автобусты күту уақытын тиімді пайдалану үшін онлайн кітаптар, кофе машинасы, телефонды зарядтауға арналған розеткалар, бейне камералар және кондиционер болады. Әрі бұлардың барлығына да втоматты түрде қосылуға болады.. Мұның бәрі шағын бизнеске үлкен көмек болады. Сонымен қатар, жобада мүмкіндігі шектеулі жандардың да қажеттіліктері ескерілген», - дейді Сұлухан.

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14