Шуда «Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 60 тұрғын пәтерлі болды
Жамбыл облысына қарасты Шу қаласының тұрғындары да қоңыр күзді жақсы жаңалықпен қарсы алып жатыр.
Бірнеше тұрғынға жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді. Екі қабатты жаңа көпқабатты үйде барлығы екі және үш бөлмелі 8 пәтерге ие болып жатқан қоныстанушыларды Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы келіп құттықтады.
Әкімнің айтуынша, Шу қаласында 1745 азамат баспана кезегінде тұр. Бүгінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 60 тұрғынға пәтер кілті табыс етілген. Сол секілді Төле би кентінде де 14 пәтерлі жатақхана пайдалануға беріліпті. Әкім сондай-ақ жыл соңына дейін тағы 100 пәтер беріледі деп жоспарлануда.
«Өздеріңіз білесіздер мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі барлық тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Сондай-ақ біз үшін үшін баспананың қолжетімді ғана емес сапалы болғаны маңызды. Себебі, бұл мәселе Мемлекет басшысының ерекше бақылауындағы бағдарлама. Аталмыш бағдарлама аясында облыс аумағында ауқымды тұрғын үй құрылысы жобалары жүзеге асырылуда. Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жамбылдықтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді», деп атап өтті Ербол Қарашүкеев.
Айтпақшы, облыс әкімі тұрғындардың бұл қуанышына құр қол келмеген екен. Гүлзинат Аманжолованың отбасы көптен бері лайықты баспанасы болмай жүрген болды. Ербол Қарашүкеев бұл отбасына бақыт пен береке тілеп қана қоймай, теледидар сыйлады.
Мемлекеттің қолдауының арқасында осындай баспананың иесі атанғанымызға өте қуаныштымыз. Бүгін біз үшін ерекше күн. Қазір үш бөлмелі пәтеріміз бар дегенге де сене алар емеспін», – дейді 7 бала тәрбиелеп отырған ана.
Айта кетерлігі, Жамбыл облысында кезекте тұрғандарды баспанамен қамту мақсатында құрылыс көлемі жыл сайын артып келеді.
2023 жылы 19 үй (1100 пәтер) пайдалануға берілсе, биыл 51 көпқабатты үйді (2569 пәтер) пайдалануға беру жоспарлануда.
Сондай-ақ, өткен жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 864 пәтер сатып алынса, биылғы жылы 23,2 млрд теңгеге 1575 пәтер сатып алу жоспарлануда.