Патриотизмнің негізгі көзі мемлекеттің тілде жатыр
Белгілі қытай философы Конфуцийден қалған дейтін мынадай бір сөз бар екен: Егер мен мемлекетті басқаруға тиіс болсам, алдымен тілді түзер ем.
Расында да тіл мемлекеттің негізі, патриотизмнің көзі болып саналады. Ол ұлттық бірегейліктің белгісі ғана емес, мәдени мұра мен дәстүрдің негізі болып отырғанын айта кету керек. Оны сарапшылар да жоққа шығармайды. «Кез келген баланың ертеңіне, әсіресе, елінің ертеңіне сеніммен өсуі маңызды. Қазіргі жастардың отансүйгіштік деңгейі қандай екенін білу үшін олардың қай тілде сөйлейтінін ажырата білу жеткілікті сияқты. Бала 10 тілді білсе де өзінің ана тілінде сөйлей алмауы трагедия сияқты. Отансүйгіштік пен ұлтжандылықтың іргетасы тіл арқылы қалыптасады. Тілге деген сүйіспеншілік пен осы тілде сөйлеу дінге, салт-дәстүрге, мәдениетке деген сүйіспеншілікті тудырады және осының негізінде патриоттық сезім оянады. Сондықтан балаға өз ұлтының ерекшеліктерін, мінез-құлқын жастайынан ана тілінде айтқан дұрыс», - дейді әлеуметтанушы Жанар Таңсық.
Мамандардың айтуынша, тілді патриоттық тәрбие жүйесіне енгізудің пайдасы өте мол. «Қазақ тілі – қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар азаматтық сананы, патриотизмді қалыптастырудың қуатты құралы екенін . Оны оқу Қазақстанның тарихы мен мәдениетін тереңірек түсінуге, ұлттық салт-дәстүрлер мен құндылықтардың маңыздылығын сезінуге көмектеседі. Бұл процесс патриоттық тәрбиемен тығыз байланысты, өйткені тілді білу өз еліне қатыстылық сезімін дамытуға және оның жетістіктерімен мақтануға ықпал етеді.
Қазақ тілі ұлтына қарамастан Қазақстанның барлық азаматтарын біріктіретін қағидаға айнала алады. Патриоттық тәрбие барлық этностардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескеруі тиіс көпұлтты мемлекетте бұл әсіресе маңызды. Қазақ тілін біртұтас ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы маңыздылығына баса назар аудара отырып оқыту ұлтаралық келісімді нығайтудың маңызды құралы бола алады.
Қазақ тілін үйрену арқылы патриоттық тәрбие Қазақстанда бар басқа мәдениеттер мен тілдерге құрметпен қарауды да қамтуы керек. Бұл өскелең ұрпақтың патриотизмнің толеранттылық пен мәдени әртүрлілікті құрметтеуді жоққа шығармайтыны туралы санасын қалыптастыруға көмектеседі. Керісінше, қазақ тілі мен тарихын білу түрлі этностар арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық атмосферасын құруға көмектеседі», - дейді сарапшы Алексей Поляков.