Бірлік пен тұрақтылық қазақтың айнымас серігі
Бүгінде Қазақ халқын әлем жұртшылығынан айрықша етіп тұрған дүниенің бірі – елдің бірлігі.
Сонымен қатар Қазақстан халықаралық қоғамдастық арасында өз аумағында тұратын барлық ұлт өкілдерінің төзімділік, конфессияаралық және мәдениаралық келісімін қамтамасыз етіп отырған ішкі және сыртқы саясатын да татулық пен келісімге негіздей алған зайырлы ел ретінде танылып отыр.
Рас 130-дан аса ұлт өкілін бір идеяның астында ұстау қиын шаруа. Оның үстіне сол 130 ұлт 40-тан астам конфессиға бөлінетіні тағы бар. Бірақ соған қарамастан, Қазақ елі осы міндет пен татулықты шашыратпай ұстап отыр. Белгілі қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкір қазақ даласындағы бұл татулықтың түбірі оның қанында, ұлттық тәрбиесінде жатқанын айтқаны бар еді.
«Ұлттық еркіндік пен дамудың алғышарты ұлттық мемлекет екенін ерте түсінген қазақ интеллигенцияларының басы Әлихан Бөкейхан болды. Алайда олардың 1917 жылғы ұлттық мемлекетті қалпына келтіру ісі кеңестік өктемдік пен ұлымемлекеттік зорлыққа қарсы тұра алмады. Сайтіп буржуазиялық демократиялық мемлекет туралы асыл арман жүзеге аспай қалды. Екі жарым жыл ғана қыспақ пен қиыншылықта өмір сүрген «Алаш орданы» қызылдар заң- сыз деп тарауға мәжбүр етті.
Қазақ табиғатында интернационалист халық, иманды халық. Өйткені ата-баба дәстүрі жандының барлығына жаның ашысын деп үйретеді. Қазақ солай өсті. Әйтпесе сталиндік кезеңде кеңес Үкіметі қазақ жеріне жалпы саны 1,5 миллиондай неміс, корей, шешен, ингуш, балқар, күрді, мескеттік-түрік, болгар, грек, қырым татарлары, қалмақ, т.б. халық өкілдерін көшірмес еді. Бұл арада Қазақстанның жерінің кеңдігі ғана емес, жанының жомарттығы да ескерілген болуы керек», - дейді ол.
Шынында да Қазақ даласы ежелден әртүрлі - тенгрлік, зороастризм, буддизм, христиандық, иудаизм, ислам секілді діндерді бастан өткерді. Бірақ қай дәуірде болмасын, көшпелілер бейбітшілікте өмір сүрді. Яғни халқымыз ұзақ уақыт бойы елімізде тұрған әртүрлі халықтың бейбітшілікте өмір сүруінің теңдессіз тәжірибесін жинады.
Бұл тәжірибелер әрине осындай байтақ даланы мекен еткен қазақ халқының дәстүріне еніп, мызғымас дағдысына айналды. Досына адал, жауына қатал бір тұтас ұлт болып қалыптасуына алып келді.