Цифрлау ісі қара жолға да жетті
Көлік министрлігі елімізде көктемгі су тасқынынан бүлінген жолдардың барлығы толық жөндеуден өткенін мәлім етті.
Жалпы елімізде жол сапасына қатысты бақылау күшейгені белгілі. Антикордың тікеелй араласуымен аталмыш салаға бөлінген қаржының әр тиынына дейін есептеліп, төселген жолдың әр сантиметрі тексеріліп жатыр. Бұл әрине, өз кезегінде жол жалпы алғанда көлік-логистика саласына оң әсер ететіні даусыз.
Мәселен, Ұлытау облысы құрылғаннан бері жол жөндеуге деп 30 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініпті. Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған. Сол секілді дер уақытында тиісті басқармалар мен әкімдіктердің басқармалары жолдарды паспорттау жұмыстарын жүргізбеген. Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша Ұлытау өңірінде жолдарды паспорттау жүргізіліліп жатыр.
Жалпы өңіріндегі жолдардың жалпы ұзындығы 2711,7 шақырымды құрайды.
Мұндай паспорттау жұмыстары Сәтбаев, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында да қолға алынып жатыр. Көлік министрлігінің мәліметінше, жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай деректер базасына енгізілген топырақты талдау және тұрақтандырғыштарды сынау жұмыстары басталған.
«Сынақтан өткен және «сары» және «жасыл» мәртебесін алған отандық әзірлемелерге ерекше назар аударылады, бұл олардың сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін растайды.
«Қазақстан төрт топырақты-географиялық аймаққа (сортаңдардан құмды саздарға дейін) бөлінеді. Яғни топырақтың барлық түрлерінде және әртүрлі климаттық жағдайларда бірдей тиімді жұмыс істейтін әмбебап өнім жоқ. Әрбір аймақ тұрақтандырғыштарды таңдауда өзіндік ерекшеліктері ескеріледі. Көптеген өңірлер осындай материал таңдау барысында кемшіліктерге ұрынып жатады. Осындай қателіктер жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін төмендетіп, жолдардың сапасын айтарлықтай нашарлатып отыр», - дейді, «Қазжол ҒЗИ» АҚ жаңа технологиялар департаментінің жетекші инженері Әсемгүл Нығаметова.
Көлік министрлігі елімізде көктемгі су тасқынынан бүлінген жолдардың барлығы толық жөндеуден өткенін мәлім етті.
Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, жалпы ел аумағындағы республикалық маңызы бар тас жолдардың 122 учаскесі тасқын салдарынан қатты бүлінген. Жол жиектері опырылып, кей учаскелерде жол жамылғылары шайылған.
«Мұндай қираған жерлердің саны 414-ке жетіп отыр. Бүгінге дейін 200-ден астам жол учаскелері қалпына келтірілді. Қалпына келтіру жұмыстарын құрылыс маусымы аяқталғанға дейін аяқтау жоспарланған. Бүгінде жоспар мерзімінде орындалды», - дейді министр.