Жақсы бастама лайықты баспанаға жол ашады
Ипотекалық бағдарламалар да көбейіп отыр.
Ел үкіметі еліміздегі өңдеуші саланы жедел дамыту және отандық нарықтың үлесін арттыру мақсатында қыруар жұмыстар атқарып жатыр. Соның ішінде тұрғын-үй нарығы, құрылыс нарығы секілді басым бағыттар бар.
Оның үстіне осы нарыққа тікелей қатысты ел тұрғындарының артыру мақсатында да мемлекеттің қолдауы да артып келеді. Үкімет еліміздегі тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында берілетін сыйақы көлемін де тұрақты түрде көбейтіп келеді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі жеке шотқа мемлекет есебінен 147 680 теңге сыйақы түсіп отыр. Өткен жылы бұл сыйақыны екі милионға жуық салымшы алған.
Сондай-ақ ипотекалық бағдарламалар да көбейіп отыр. Олардың барлығы да мемлекет есебінен жеңілдіктер алып отыр. Солардың бірі - «Наурыз» бағдарламасы. Бүгінде өтінімдер қабылданып жатыр. Бағдарлама 2025 жылдың 1 тоқсанында басталады деп күтілуде.
Сол секілді «наурыз» бағдарламасы да қатысушыларын күтіп отыр.
Айтпақшы, жақында Астана қаласының әікмдігі 900 адамға арналған жаңа бағдарламаның ашылғанын мәлім еті. Бағдарламаға көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар қатысып жатыр. Өтінім қабылдау 23 қыркүйекте басталды. Үйлер сатып алу құқығынсыз беріледі. Яғни ұзақ уақыт жалға алуға арналған.
Айтпақшы, осындай дер кезінде қолға алынған жұмыстардың арқасында ел үкіметі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі құрылыс жұмыстарын да ойдағыдай атқарып шықты. Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет басшысына су басқан өңірлерде ұзын-саны 2576 үйдің құрылысы аяқталғанын айтып есеп берді. Май айында басталған құрылыс жұмыстары небары төрт айда аяқталған. Жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.
Министрдің айтуынша, айтпай келген апаттың салдарынан он жеті мыңнан астам үй бүлінген. Оның сегіз арым мыңға жуығы қауіпті деп танылған. 5767 тұрғын үй сатып алынған.