Мамандар жол құрылысында канадалық тәжірибені енгізбек
Қазақстан мен Канада арасында тікелей әуе қатынасын ашудың құқықтық негіздерін құру туралы келісімге қол жеткізілді.
Елімізде жол сапасын арттыру мақсатында көптеген жұмыстар қолға алынып, шетелдік жетекші компаниялармен бірлескен жобалар жасалып жатыр. Сондай келісім шарттың бірі Көлік министрі Марат Қарабаев пен Канаданың Көлік вице-министрі Арун Тангарадж кездесуі барысында қол жеткізілді.
Тараптар жол құрылысы тәжірибесін үйрену үшін қазақстандық жол мамандарының Канадаға сапарын ұйымдастыруға келісті. Сондай-ақ Канада Көлік министрлігінің басшылығымен Қазақстан мен Канада арасында тікелей әуе қатынасын ашудың құқықтық негіздерін құру туралы келісімге қол жеткізілді.
Бұған дейін де Канаданың DeHavilland және Bombardier авиакомпанияларының басшылығымен шағын ұшақтарды дамытудағы ынтымақтастық мәселелері сөз болғаны белгілі. Кездесуде осы мәселе тағы бір мәрте пысықталып, талқылаулар мен кездесулер өтті. Мәселен, NDT Technologies Inc президентімен болған кездесуде Қазақстан мен Канада үкіметі темір жол тасымалы саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселесі сөз болды.
NDT Technologies Inc компаниясы елімізге сандық оптика, ультрадыбыстық, құйынды ток, электромагниттік және лазерлік сынау технологияларын пайдалана отырып, автоматтандырылған жүйелерді жобалайтын, орнататын және қызмет көрсететін интеграцияланған автоматтандырылған бұзылмайтын бақылау (NDT) және өлшеу жүйелерін жеткізуші болып отыр.