×

Жүйелі жұмыстар құрылыс нарығына оң әсер етуде

Құрылыстағы кемшіліктер дер кезінде әкімшіліктің араласуымен шешімін тауып жатыр.

Даурен Омаров 24.09.2024 | 16:48
Жүйелі жұмыстар құрылыс нарығына оң әсер етуде
Adaladam.kz

Елімізде құрылыс нарығындағы бақылаудың күшейгеніне қарамастан, сапасыз құрылыс азаймай тұр. Жуықта БАҚ беттерінде жақында ғана пайдалануға берілген бірнеше тұрғын үй кешенінің тұрғындары шу шығарды деген ақпарат тарады. Тұрғындар өз шағымында құрылыс сапасына көңілдері толмайтынын айтқан. 

Солардың бірі – Астана қаласындағы «Park Family» тұрғын үй кешені. Тұрғындардың айтуынша, құрылыс компаниясы мақтауын асырып сатқан үй іс жүзінде ондай болып шықпаған. Тұрғын-үй жаңбырлы сезонға шыдамай, сыр беріп, қабаттағы шатырдан су ағып жұрттың мазасын алған. Сонымен қатар, тұрғындар жауын-шашын кезінде кәріз жүйелеріндегі судың қайтадан көтерілетінін айтады. Сол секілді «Дәстүр» тұрғын үй кешенінің маңайы суға толып, тұрғындар бақылдаған бақалардың дауысынан мезі болған. 

Бір қуантарлығы, мұндай жағдайлардың барлығы да дер кезінде әкімшіліктің араласуымен шешімін тауып жатыр. Осындай кемшіліктердің орнын толтыру мақсатында көптеген шаралар қолға алынып жатыр. Талап күшейіп, құрылыс компанияларына бақылау көбейді. Ырыққа көнбеген компанияларға қатаң шаралар қолданылып жатыр. Мәселен бір ғана Шымкент қаласындағы құрылыс сапасына қатысты тексерулер барысында он құрылыстың тоғызында заңсыздық кеткенін көрсеткен.

«Тексеріс жүргізілген 130 құрылыс нысанының 96-сынан елеулі заң бұзушылық анықталды. Аталмыш компнаияларға жедел түрде кемшілікті жою туралы нұсқама берілді», - дейді Шымкент қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Мерлан Керімжанов. 

Оның айтуынша, басқарма тарапынан бақылау күшейген. Осының арқасында жыл басынан бері заңсыз құрылыс салу жағдайлары да біршам азайған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы екі жүзден астам іс қозғалып, 52 млн теңгедей айыппұл салынған. 

«Еңбекші, Абай, Қаратау, Әл-Фараби және Тұран аудандарындағы заңсыз құрылыс нысандары анықталып,  аталмыш заңсыздық бойынша әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар салынды», - дейді ол.

Құрылыс сапасына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, ұзын-саны жиырмаға жуық нысан иелері ірі көлемде айыппұл арқалаған.  Сондай-ақ үлестік қатысу заңнамасын бұзған 9 тұрғын үй кешеніне айыппұл салынып, ескертулер берілген. 
Әрине, құрылыс нарығындағы мұндай жүйелі жұмыстар еліміздегі тұрғын-үй саясатына да оң нәтиже беріп отыр. Бұрынғыдай емес халықтың аталмыш салаға деген сенімі де жақсарған. Мамандар дағдарысқа қарамастан, соңғы уақытта үй алушылардың да қатары көбейгенін айтады. Мәселен өткен айдың өзінде жалпы ел аумағында тұрғын үй бойынша қырық мыңнан астам мәміле жасалған. Бұл әрине құрылыс нарығындағы мемлекттік бақылаудың арқасы екені даусыз. 

Токаев принял Министра труда и социальной защиты населения

Президент дал ряд поручений по совершенствованию социальной политики      
Алина Мороз Алина Мороз 25.11.2024 | 16:11

В Атырауской области построят школу на возвращенные средства

Правительством принято решение о выделении 2 млрд тенге
Алина Мороз Алина Мороз 25.11.2024 | 15:32

Более 16 тысяч этнических казахов получили статус кандаса с начала 2024 года

Всего с 1991 года в республику вернулись 1 млн 144,9 тыс. этнических казахов
Алина Мороз Алина Мороз 25.11.2024 | 13:23

Депутат ожидает снижения цен на лекарства

Он прокомментировал изменения в механизмах ценообразования на лекарства, инициированые Минздравом
Алина Мороз Алина Мороз 25.11.2024 | 12:37

Жителей столицы предупредили о военных самолетах и перекрытии улиц

В рамках подготовки и проведения заседания Совета коллективной безопасности ОДКБ
Алина Мороз Алина Мороз 25.11.2024 | 11:35

Глава МЧС Казахстана открыл новую пожарную часть в Атырауской области

24 ноября в селе Миялы Кызылкогинского района Атырауской области состоялось торжественное открытие новой пожарной части №10
Павел Седых Павел Седых 25.11.2024 | 11:03