×

Инклюзивті білім беру: Алматыда балабақша педагогтары үшін біліктілікті арттыру курстары басталды

Бұл жолы курстарға ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен тікелей жұмыс істейтін педагогтар қатысып жатыр.

Даурен Омаров 27.09.2024 | 12:47
Инклюзивті білім беру: Алматыда балабақша педагогтары үшін біліктілікті арттыру курстары басталды
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл 23 қыркүйектен бастап Алматыда мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтарына арналған біліктілікті арттыру курстарының үшінші кезеңі басталды. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады. Бұл жолы курстарға арнайы білім беру педагогтары, яғни ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен тікелей жұмыс істейтін педагогтар қатысып жатыр, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Үш аптаға созылатын курс барысында балабақша педагогтары білім беру бағдарламасы аясында мектепке дейінгі және инклюзивті білім беру саласындағы өзекті трендтермен танысады.

Бүгінде Қазақстанда инклюзивті білім беру тақырыбы бұрынғыдан да өзекті. Әр баланың толыққанды дамуы мен әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету, әсіресе мектепке дейінгі білім берудегі басым бағыт саналады.

Айта кетейік, Білім басқармасы 2025 жылға дейінгі қаланы дамытудың Жол картасына сәйкес педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жұмысты белсенді түрде жүргізіп отыр. Биыл инновациялық әдістемелер бойынша 440 педагог оқудан өтіп жатыр, олардың 150-і психофизикалық ақауларды түзету, балалардың моторикасын, сөйлеуін дамыту және әлеуметтік бейімделуге қатысатын арнайы педагогтар.

Біліктілікті арттыру курстарының барысында педагогтар кәсіби-адамгершілік қасиетін жақсартып, арнайы педагогтардың қызметіндегі заманауи әлемдік үрдістерді, қолданбалы мінез-құлықты талдау әдістері мен ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеудегі сенсорлық интеграцияны меңгереді.

Ұйымдастырушылар балабақшалардың арнайы педагогтары үшін курстардың өзектілігі шешуді қажет ететін бірқатар мәселелерге байланысты екенін атады. «Бұл түзету жұмыс әдістерін жетілдіру, инклюзивті білім берудің әдістемелік қамтамасыз етуін трансформациялауда ғылыми әдістерді пайдалану, балаларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүргізудегі тәсілдерді жетілдіру, тәжірибеге бағдарланған технологияларды қолданудың заманауи тәсілдерін енгізу. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін арнайы жағдай жасау – қаладағы мектепке дейінгі білім сапасын арттыруда өте маңызды аспект», – дейді Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі тәрбие және білім беру бөлімінің жетекшісі Раушан Тұмаева.

Курсқа жетекші халықаралық және отандық жаттықтырушылар мен сарапшылар тартылған. Үш апталық курстар аяқтағаннан кейін арнайы педагогтар біліктілікті арттыру туралы сертификат алады.

Десять комфортных школ открыли в Астане

Всего в рамках нацпроекта в 2024-2025 годах будет построено 24 школы нового формата
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 22:34

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14

В этом году бюджет города Шымкента увеличен на 123 млрд тенге

Объем бюджета составляет 779 млрд тенге
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 17:41

В Алматы временно перекроют участок улицы Сатпаева

В связи с проведением сельскохозяйственной ярмарки
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 17:22