"АЭС-ті Ресей соғады деп байбалам сала берген дұрыс емес" - Сәбит Рысбаев
Журналист-блогер Сәбит Рысбаев АЭС-ке қатысты өз ойымен жеке парақшасында бөлісті.
Көлік шығарғанда біреуі жылдам болады. Біреуі мықты. Біреуі әдемі. Біреуі комфорт дегендей. Біреуі арзан. Біреуі қымбат. АЭС-те де сондай тема екен. Қазір енді тек бір ел соқпайды екен. Консорциум болады. 2-3 ел соғады деп жатыр ғой. Олар да солай бөлінеді екен. Біреуі автоматикадан мықты, біреуі турбина деген сияқты. Сол үшін осылай консорциум дұрыс дейді.
Түркияда соғып жатқан “Аккую”-ны тек Ресей соқпайды. Ол жақта да тек Франция да бар. Қытай да бар екен. Түркия өзі де жұмыс алған. Египет те де солай дейді. Тек Ресей соғады деп байбалам сала берген дұрыс емес екен. Жалғыз ел соқпайды екен. Әлемдік тәжірбиеде консорциум арқылы соғады. Бізде де солай болады деп ойлаймын,- деп жазды ол өз фейсбук парақшасында.