×

Төл теңгенің қысқаша тарихы

Adal Adam 03.09.2024 | 12:38
Төл теңгенің қысқаша тарихы
Фото: ortalyq.kz

Теңге жалпы ақша секілді ұғымдар тарихына көз жүгіртсек, сонау тым көне палеолит дәуірінің өзінде айыр- бас жүргізілгені белгілі. Мысалы, теңіз жағалауын мекен еткен тайпалар балық, теңіз өнімдері, ал таулы, қыратты аймақтағылар сирек кездесетін металдар, жылтырақ тастар арқылы қажетін тауып отырса, ен даланы мекен еткен көшпелілер мал мен мал өнімдері, мал терісімен сауда жасасқан. Археолгиялық қазба жұмыстары қазақ даласындағы алғашқы ақша құралы тері болғанын көрсетіп отыр.  Уақыт өте келе сауда айналымына нақты айырбас құралы ақшалар шыға бастаған. Олар металдан жасала бастады. Бұл қазақтың төл теңгнсінің тарихы тым тереңде  жатқанын көрсетсе керек. 

Тәуелсіз Қазақ елінің ұлттық теңгесінің тарихы 1993 жылдан бастау алады деп есептеледі. Бірақ егемендік алып, жеке ел болып жатқан елдің төл теңгесін шығару жұмыстары үш жыл бұрын яғни 1990 жылдан басталып кеткен еді. Қазақстан Үкіметі сол жылы төл теңгенің алғашқы үлгілерін дайындау үшін арнайы жұмысшы тобын құрды. Комиссия мүшелері алдымен әлемнің барлық елдерінің банкноталарын жинап алып, аранйы зерттеу жасап көрді. Ұзамай ұлттық нақыштағы алғашқы жобалар да дайын бола бастады. 

Алайда алғашқы теңгені басатын арнайы станок жоқ болғандықтан шетелдің көмегіне жүгінуге тура келді. Арнайы мамандар да жоқ, қосымша құрал-жабдықтар да жоқ еді. Сөйтіп, арнайы комиссияның шешімімен таңдалған банкноталарды істі ағылшындардың «Харрисон» деп аталатын жеке фирмасында басып шығара бастайды. Бұл іс әрине, өте құпия түрде жүргізілді. 

Осылайша 1993 жылдың 15 қарашасында таза ұлттық нақышта безендірілген әрі бетінде қазақ халқының біртуар ұлдарының бейнелері айшықталған банкноталар басылып шықты. 

Айрықша сапалы қағаздан дайындалған тұңғыш ұлттық ақшамыз әлемнің ең әдемі банкнотасы болып танылды. Бұл валюталардың қолдан жасаудан, жаппай басып шығарудан қорғайтын, жай көзге байқала бермейтін ашық және құпия сапа белгілеріне байланысты талаптардың барлығын орындағаны үшін берілген еді. Әрі мұндай  қолдан жасаудан, жаппай басып шығарудан қорғайтын, жай көзге байқала бермейтін ашық және құпия сапа  белгілерінің саны 18 болды. Содан бері әлі сол статусын сақтап келеді. 

Уақыт ете келе, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгеміздің қорғаныс қабілетін бұрынғыдан да жетілдіре түсіп, жаңа үлгіслерін дайындап келеді. 
Кейін Алматыда арнайы монета сарайы салынып, теңге басып шығару ісі толықтай отандық мамандардың қолына тапсырылды. Мұнда төл теңгемен қатар Қазақстан республикасының мемлекеттік наградалары да басылып шығады.

Қазақстанның мемлекеттік наградалары болып танылатын мынадай ордендер мен медальдардың ішінде «Алтын. Қыран», «Отан», «Даңқ», «Айбын», «Парасат», «Достық», «Кұрмет» ордендері және «Халық қаһарманы», «Еңбек ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атақтары; «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары бар. 
Сонымен бірге ол жерде Қазақстан Республикасының «Құрмет Грамотасы», еңбектегі, ғылымдағы, спорттағы, әдебиет пен өнердегі ерен жетістіктері үшін берілетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары және басқа да құрметті атақтар мен марапаттаулар шығарылады. 

Қазақстан Республикасының азаматтарын Үкмет ғылым мен еңбектегі ерен жетістіктері үшін, жауынгерлік ерліктері үшін марапаттап отырады. 
 

Десять комфортных школ открыли в Астане

Всего в рамках нацпроекта в 2024-2025 годах будет построено 24 школы нового формата
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 22:34

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14

В этом году бюджет города Шымкента увеличен на 123 млрд тенге

Объем бюджета составляет 779 млрд тенге
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 17:41

В Алматы временно перекроют участок улицы Сатпаева

В связи с проведением сельскохозяйственной ярмарки
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 17:22