Қазақ халқының болмысы табиғаттың өзімен үндесіп жатыр
Қазақстан аумағы тым ерте заманнан бері тұруға ыңғайлы, төрт түлікке қолайлы аймақтардың бірі саналады. Мал өсіруге қатысты алғашқы нақты мәліметтер сонау неолит дәуірінен де табылып жатыр. Неолит - адамзат тарихындағы ең ескі дәуір, тура осыдан алты мың жылдай бұрынғы уақыт саналады. Бұл деректер кейбір тайпалардың әрі терімшілікпен айналысып жүргенде ортаазия көшпелілері жан-жануарды қолға үйретіп бастағанын білдіреді.
Яғни қазақ халқы осыдан кемі алты мың жыл бұрын жылқыны ауыздықтап міне білген. Оған б.д.б-ғы ХХ жылдыққа жататын Ботай қонысын табылған археологиялық қазбалар куә. Көшпелілер жылқыдан бөлек сиыр, қой, ешкі сияқты жануарларды қолға алғаш үйреткен. Бұл Қазақстан жерінде мал шаруашылығының көшпелі және жартылай көшпелі нысаны үшін тамаша жағдайлардың қалыптасқанын әрі Қазақ халқының болмысы табиғаттың өзімен үндесіп кеткенін көрсетеді.
Осының арқасында Қазақ халқы орман, дала ғана емес шөл және тау сияқты климаты мейлінше қатаң табиғатты да бағындыра білді. Жыл мезгілдеріне қарай көшпелілер кыстау, көктеу, жайлау және күзеу деп көшп-қону дағдысын қалыптастырды.
Көші-қонның меридианалдық түрімен бірге радикалдық және вертикальдық түрлері де кездесетін. Көші-қонның қашықтығы мыңдаған шақырымға созылды. Маңғыстау, үстірт және Қызылқұмдағы шаруашылықтар жайлау іздеп, Ақтөбе мен Қостанай жерлеріне дейін жететін. Бұл тек бір бағыттық болса, Ақмола мен Атбасар аудандарында 200-500 км-ге жететін. Атбасардың оңтүстік жағындағы қазақтар қыстыгүндері Шу өзенінің төменгі ағыстарына дейін мал айдайтын. Олар солтүстікке қарай ерте көктемнен-ақ қозғалып, Бетпақдала арқылы Шудан Атбасарға дейін 1000 шақырымға дейін жер жүреді.
Қазақтың жайлау сәнді де шұрайлы жерлерге орналасты. Әрі көші-қоны да аса салтанатты түрде өткен. Әсіресе, жазғы көш тым сәнді болады. «Менің елім» Қазақстан энциклопедиясында ажзғы көш былай суреттелген: Бір-бірінің соңынан ерген жүк артылған түйелер маңғаздана басады. Әдетте алдыңғы түйені атқа мінген келіншектердің біреуі жетелейді. Жастар жағы шуылдасып, көштің айналасында жүріп отырады. Ел ағалары, ақсақалдар болса, көштің ең алдында бара жатады. Ал кош соңында айғайлап-шуылдаған жас балалар. Табын-табын мал өз алдына бөлек жайыла жылжиды.Өйткені Қазақ халқы жазғы жайлау күндерін той-томалақпен өткізгенді ұнатқан. Мұндай тойлар ән-күйсіз, ат жарысынсыз, көкпарсыз, ақындар айтысынсыз өтпейді. Жиналған халық ет пен кымызға тойып, бір жырғап қалады. Қонақтардың ел арасындағы беделіне қазақ қауымында алатын орнына орай, арнап соятын малдары да әрқилы. Жазғы күндері ауқатты кісілер ақ үйлерді дөңгелете тігіп, ауылды сәнге бөлейді. Оларда той-думан да жиі болып жатады», - делінген.