×

Қазақ халқының рухани құндылығы: Теңіз мұнай кен орны

Adal Adam 21.09.2024 | 12:08
Қазақ халқының рухани құндылығы: Теңіз мұнай кен орны
Фото: pixabay.com

Соңғы жылдары жасалған зерттеу жұмыстары дала көшпелілерінің жазу мәдениеті тым ертеден, сонау тас дәуірінен басталатынын дәлелдеп берді. Ерте замандарда көшпелі түркілер өздерінің шаруашылық қажеттіліктері үшін сына жазуларын пайдаланғаны белгілі. Әліппе болмаған жерде көшпелілер соғды жазуын пайдаланған. Сол дәуірге тән мәтіндердің барлығы да соғды әріптерімен түркі тілінде жазылған.

Осылардың ең белгілілерінің бірі - алғашқы қағандардың бірі Таспардың (552- 581) құрметі үшін қорғанға қойылған Бөгіт жазбасы. Осы жазбаның мазмұнынан соғды жазуының қағанаттағы түркі халқына жақсы белгілі болғаны байқалады.
ЖазбадаТаспар қағанның отыз жылға созылған билігі мен  ерліктері, халқына тигізген пайдасы турады сыр шертіледі. Ал тас мүсіннің екінші бетінде санскрит тіліндегі (ежелгі үнді тілі) аудармасы бар. Осы бөгіт жазбасын ғалымдар ежелгі түркілерге тән ең көне  әдеби жазба деп есептеп келеді. Себебі, тас мүсіндегі жазу стиілі эпитафия әдеби жанрына келеді.

Дала көшпелілерінің өзіне тән жазу мәдениеті болғаны туралы ғылыми жаңалыққа әлем ғалымдары тек 18 ғасырда назар аудара бастады. Атақты неміс ғалымы Д. Мессершмидт пен швед офицері И.Страленберг  Енисей алқабын аралап жүріп айрықша таңбалары бар тас тауып алады. Кейін бұл таңбалардың сына жазу стилінде кенін аңғарып,  тікше тастағы мәтінді көне руналық деп атаған. Себебі олар жазуды басында көне Скандинавияның руна жазуларына ұқсатқан. «Руна» көне Скандинавия тілінен аударғанда құпия жазу деген мағына береді. Бұл жаңалық батыс ғалымдарының арасында үлкен резонанс тудырып қойды. 

Кейіннен Н. Ядринцев деген бір орыс саяхатшысы  Солтүстік Монғолиядағы Орхон өзенінің бойынан руна жазулары бар тағы бірнеше тас ескерткіш тауып алады. Бұл жаңалық лингвистика саласында үлкен ізденіске жол ашты. Басында көптеген ғалымдар бұл жазуларды басқа елдерге теліп келді. Ұзамай бұл жазулардың түркі халықтарына тән екені анық бола бастайды. Нақты айтар борлсақ дат ғалымы Томсеннің бұл жазба ескерткіштегі ең алғашқы мәтіннің «Тенгри-тәңірі» деген сөз екенін дәлелдейді. Ал бұл жазба ескерткіштері Құлтегін мен Білге қаған туралы жазбалары еді. 

«Қазіргі уақытта руниканың шығу тегіне қатысты үш негізгі көзқарас қалыптасқаны белгілі, олар: арамей (ареалды пехлеви, парфян, бактрийск, хорезм, манихей әліпбилері), соғды курсивті жазуы және таңба теориясы. Ал қазіргі таңда классикалық руникалық жазу деп аталып жүрген төл жазуымыз  VI ғасырда арнайы түрде Естемі қаған бұйрығы негізінде қалыптасқан. Ал негізінен дала көшпелілерінің жазу мәдениеті сонау тас дәуірінен басталады. дерек қытай деректерінде Ғұндарға қатысты баянда «олардың жазуы жоқ, бірақ ағаштарға пышақтарымен кертіп белгі салып бір-біріне хабар жібереді» деген», - дейді белгілі Ғалым Талғат Молдабайұлы.
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14