×

Геннадий Головкин WORLD BOXING жаңа олимпиадалық комиссиясының төрағасы болып сайланды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанды

Adal Adam 26.09.2024 | 16:20
Геннадий Головкин WORLD BOXING жаңа олимпиадалық комиссиясының төрағасы болып сайланды
Фото: olympic.kz

Жұмыс барысында Қазақстан ҰОК басшысы World Boxing қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты халықаралық спорттық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуге көңіл бөледі, деп хабарлайды Adaladam.kz Olympic.kz сайтына сіілтеме жасап.

Сонымен қатар, оның комиссия басшысы ретіндегі басты міндеттерінің бірі  - боксты  Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалдырып, World Boxing ұйымын ХОК мойындауы үшін Халықаралық Олимпиада комитетімен тығыз әріптестік орнату болмақ.

«Жеке өзім үшін, Қазақстан  үшін және барша спорт әлемі үшін боксты олимпиадалық спорт түрі ретінде сақтап қалу маңызды және бұл менің жұмысымдағы ең басты басымдық болмақ.

Сондай-ақ, бокс олимпиадалық  құндылықтарға сай, әділ әрі ашық болуы үшін Халықаралық Олимпиада комитетімен тығыз әріптестік орнатуды көздеп отырмын.

Менің кәсіби спортшы ретінде жиған тәжірибем World Boxing жұмысын бір жүйеге келтіреріне сенемін және күшімізді біріктіре отырып, бокстың дамуына жаңа серпін бере аламыз. Бірақ алда біз атқаратын жұмыс көп», - деп атап өтті Геннадий Головкин.

World Boxing президенті Борис ван дер Ворсттың айтуынша, Геннадий Головкинмен әріптестік орнату ұйымның алға қойған мақсаттарын тиімді орындауға жол ашады.

«Олимпиадалық бокста да, кәсіби бокста да сәтті өнер көрсеткен адам ретінде ол боксты олимпиадалық қозғалыста қалдырудың бұл спорт түрінің әрі қарай дамуы үшін аса маңызды екенін жақсы түсінеді. Бұл әуесқой бокс үшін де, кәсіби бокс үшін де қажет. Боксты  олимпиадалық спорт түрлері қатарында қалдырып, аталған спорт түрін дамытудағы ортақ миссияларымызды орындау үшін онымен бірлесе жұмыс істейтін мүмкіндікті асыға күтемін», - деп пікір білдірді Борис ван дер Ворст. 

Айта кетелік, World Boxing Геннадий Головкиннің кандидатурасын алғашқылардың бірі болып бекітті. Жақын арада Олимпиадалық комиссия құрамына спорт әлемінің өзге де  өкілдері еніп,  боксты Олимпиадалық қозғалыс ортасында қалдыруға арналған ірі жоспарларды жүзеге асыруға күш салады.

В Жангалинском районе ЗКО 8 семей получили ключи от новых квартир

27 сентября текущего года в селе Жанаказан и населенном пункте Мухор Жангалинского района ЗКО были вручены ключи от новых квартир 8 семьям
Adal Adam Adal Adam 28.09.2024 | 16:09

В селе Жанаказан Жангалинского района ЗКО введен в эксплуатацию новый спортивный комплекс

27 сентября текущего года в селе Жанаказан открылся новый спортивный комплекс имени С. Абуова.
Adal Adam Adal Adam 28.09.2024 | 15:10

Блогер Е.Сеитахмет АЭС-қа қатысты фейктерді атады

Референдумнің өтуіне 1 аптадан сәл астам уақыт қалды
Adal Adam Adal Adam 27.09.2024 | 20:45

Шесть ломбардов лишили лицензий в Туркестане

Основанием стало систематическое невыполнение письменных предписаний уполномоченного органа 
Алина Мороз Алина Мороз 27.09.2024 | 18:11

Казахстанцы побили рекорд по поездкам в Турцию

Аналитики предпологают, что  самое популярное направление – Анталия 
Алина Мороз Алина Мороз 27.09.2024 | 16:31

Головкин нашёл замену Жанар Утешевой

Кандидатура была утверждена на внеочередной Генеральной ассамблее Национального олимпийского комитета
Алина Мороз Алина Мороз 27.09.2024 | 15:21

Токаев отметил заслугу Назарбаева в обретении Туркестаном нового облика

Это случилось во время встречи президента с общественностью в «Доме дружбы»
Павел Седых Павел Седых 27.09.2024 | 14:56