×

«Алмасбек Садырбаев дебат жасаймын десе, дайынбыз»: «Ауыл» партиясының депутаты халық сынына жауап берді

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаевтың айтуынша, партияның Парламентке дейінгі кезеңін сынауға Садырбаевтың моральдық құқы жоқ.

Даурен Омаров 25.11.2023 | 10:49

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының өкілі Анас Баққожаев «ADAL ADAM» youtube-арнасына берген сұхбатында халық тарапынан партияға тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді.

- Парламентке келгенге дейін партияда жарна болмады. Ірі кәсіпкерлер мен фермерлердің қаржылай қолдауымен қалыптастық. Сондықтан партияға жарна төлемей, тек мүше болған адам «Неге мынау жасалмай жатыр?» деп сынауына негіз жоқ. Сонымен қатар партия мүшесі емес адам партияға талап қоя алмайды. Халық өтініш немесе сұрау жасай алады, — деді Анас Баққожаев. 

Сондай-ақ  партия мүшесі «Шопан ата» ұлттық агро-қозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбаевқа қатысты да пікір білдірді. 

- Ол азамат бізге кемінде аптасына бір келеді. Салаға қатысты жұмысшы топтардың ішінде  Дайрабаев, Зейнуллин, Саурықов, мен де бармын. Егер шынымен талқылайтын мәселе бар болса, сол жерде-ақ талқылар едік. Ол кісі де, біз де бір саладамыз. Ол партияның Парламентке дейінгі кезеңін сынауға моральдық құқы жоқ. Егер Алмасбек Садырбаев ауыл шаруашылығы саласында пікірсайыс жасаймын десе, біз дайынбыз. Алайда партия кінәлі, жұмыс істемейді деп ешкім, ешқашан айта алмайды, — деді А.Баққожаев.

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14