×

Халықаралық жастар күні: Алматыда белсенді жастар марапатталды

50 мыңнан астам жастың қатысуымен 60-тан астам  іс-шара өтті.

Даурен Омаров 13.08.2024 | 16:53
Халықаралық жастар күні: Алматыда белсенді жастар марапатталды
Gov.kz

Алматыда Халықаралық жастар күні мен «Жастармен бірге» Ұлттық жастар онкүндігі аясында қаланың белсенді жастарының қатысуымен BBQ форматында кездесу өтті, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, комьюнити орталықтарының басшылары, Алматы қаласы әкімінің жанындағы жастар кеңесінің мүшелері, ҮЕҰ басшылары, еріктілер және белсенді жастар қатысты.

«Бұл кештің ерекшелігі жастармен ашық аспан астында еркін форматта кездесу болды. Бүгін жастар небір жақсы ұсыныстар мен жобалар ұсынды. Мен әрқашан біздің жұмысымызға тың серпін беретін жобаларды ашық талқылауға және қолдауға дайын екенімді жеткізгім келеді. Қаламыздың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін сіздерге алғыс айтамын. Халықаралық жастар күнімен құттықтаймын!» – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков.

Іс-шара барысында жыл бойы қаламыздың қоғамдық өмірі мен жастар саясатының дамуына үлес қосқан белсенді жастарға қала әкімі Ерболат Досаевтың атынан алғыс хаттар табыс етілді.

«Алматы – жастар қаласы, сондықтан бұл мерекенің біз үшін маңызы ерекше. Бізге ерекше көңіл бөлініп, қолдау көрсетіліп жатқаны қуантады. Бүгін ең белсенді жастарға алғыс хаттар табыс етілді. Күш-жігеріміздің еленіп, қолдау тауып жатқаны бізді одан әрі ынталандырып, дамуға ұмтылдырады. Осындай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрса екен деймін», – деді Алматы қаласының еріктісі Елдар Байғабылов.

Іс-шара соңында қатысушылар танысуға мүмкіндік алып, ұйымдастырушылар ұсынған дәмді тағамдардан дәм татты.

«Жастармен бірге» Ұлттық жастар онкүндігі аясында 3-12 тамыз аралығында қалада 50 мыңнан астам жастың қатысуымен 60-тан астам әртүрлі форматтағы іс-шара өтті.

Атап айтқанда, жастардың open air «JAS FEST» фестивалі, қала аудандарында ашық аспан астында өткен кинокөрсетілімдер, «ALMALY NIGHT» интеллектуалдық ойыны, «JasBol» футбол турнирі және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылды.

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14