×

Алматыда кең ауқымды бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Ұйымдастырушылар жәрмеңкеге мыңнан астам адам қатысады деп болжап отыр. 

Даурен Омаров 07.08.2024 | 13:40
Алматыда кең ауқымды бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда 2024 жылдың 9 тамызында жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Мансап орталығының басшысы Әділет Жаңабаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте ниет білдірушілерді іс-шараға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Әділет Жаңабаев бос орындар жәрмеңкесіне білім, медицина, қаржы, өндіріс, логистика және басқа да салалардағы бос жұмыс орындары бар елуден астам жұмыс беруші қатысатынын хабарлады.

Ұйымдастырушылар жәрмеңкеге мыңнан астам адам қатысады деп болжап отыр. 

«Жәрмеңкелерді өткізудің мақсаты - жастарға, оқу орындарының түлектеріне, жұмыс іздеушілерге, азаматтардың жекелеген санаттарына жұмыс орындарының қолжетімділігін кеңейту, сондай - ақ жұмыс берушілерге лайықты үміткерлерді тарту арқылы жұмысқа алу процесін жеңілдету және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу болып отыр», - деп толықтырды ол.

ЖОО түлектері мен жұмыссыз жүрген жастарға, біліктілігі мен тәжірибесі жоқ жастарға ерекше көңіл бөлінеді. ӨКҚ спикері жұмыссыз жүрген 4000 жас SMS ақпарат алғанын атап өтті.

«Жәрмеңкеге мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмысқа орналасқысы келетін азаматтарға қызмет көрсететін біздің қызметкерлер де қатысады. Мысалы, жастар үшін бұл «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары немесе тегін оқу курстары болуы мүмкін», - деді Әділет Жаңабаев.

Спикер сондай-ақ, жұмысқа тұрар алдында қалай әңгімелесу керектігі жөніндегі кеңестерін берді және жақсы түйіндеме дайындаудың маңызды екенін айтты. 

«Сұрақтарға дайын болу, мамандықтың өзектілігі мен қажеттілігі, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыным хаттың болуы жұмысқа орналасуға көмектеседі. Осыған байланысты жәрмеңке бағдарламасында Алматы қаласының еңбек мобильділігі, орталығының кәсіби бағдар берушілерінен тренингтер мен шеберлік сыныптары қарастырылған», - деді ол.

Жәрмеңкелерді өткізу компания өкілдеріне өз кәсіпорындарының мүмкіндіктерін таныстыруға мүмкіндік береді, ал жұмыс іздеушілер қысқа мерзімде кадрларды іріктеуге мүдделі жұмыс берушілермен сөйлесе алады, өздерін қызықтыратын бос жұмыс орындарын таңдап, таңдалған бос жұмыс орындарына алдын ала әңгімелесуден өте алады.

«Жұмыс тапқысы келетіндердің бәрін тұрақты жұмысқа орналасуға тамаша мүмкіндік беретін жәрмеңкеге шақырамыз», - деді Ә.Жаңабаев.

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14