Алматыда жастар саясаты қалай дамып жатыр?
Алматыда 46 жастар жобасы іске асырылып жатыр.
Мегаполисте жаңа комьюнити орталықтары ашылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азиз Кажденбек мәлімдеді, деп хабарлайды Adaladam.kz.
Ол жастармен жұмыс істеуге бағытталған инфрақұрылымды құру туралы айтып өтті.
Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы 2024 жылы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 46 жастар жобасын іске асыруда.
“NEET санатындағы жастарын қолдау үшін ауыл жастарының қатысуымен футбол және волейболдан “DÚISENBILIK SPORT-2024” жобасы іске асырылды”, — деді Азиз Кажденбек.
2024 жылы жоба аясында қаланың 40 базарынан мың жас қамтылды.
Сондай-ақ, “ALMA CUP” жобасы аясында Алматы қаласының жастары арасында спорттық ойындар (футбол, баскетбол, волейбол, киберспорт) өткізілді. Оларға 6 мың адам қатысты.
Алматы қаласы жастарының оқу белсенділігін арттыру үшін “BookVibe” жобасы іске асырылуда. Буккроссингтер, кітап көрмелері, танымал кітаптардың авторларымен митаптар ұйымдастырылды. Бұл шаралармен мың жас қамтылды.
Оқу орындары мен әлеуметтік желілерде жастар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізілді. Заңсыз сайттар мен онлайн-порталдар анықталды, оларды полиция департаментімен бірлесіп бұғаттау жұмыстары жүргізілуде. Онда 1,5 мың адам қамтылды.
Жас ұрпақтың сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін “Жас сарапшылар мен пікірсайысшылар клубы” жобасы іске асырылуда.
“IQ-ALA jastary” зияткерлік жобасы аясында 2024 жылғы 3 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде “Leader Cup” студенттік лига - турнирі ұйымдастырылды. Турнирге 20 ЖОО мен 15 колледж студенттері қатысып, әр оқу орнынан 4 қатысушыны ұсынды. Жобаға мың адам қатысты.
Шығармашыл және талантты жастарды қолдау үшін жыл сайынғы “Jas Gala-2024” фестивалі өткізілді. Жобаның жүлде қоры 7,5 млн теңгені құрады. Биыл қатысуға өтінімдер саны екі есеге артып, 3 мың адамды қамтыды. Байқау 5 бағыт бойынша өткізілді. “Jas Gala” шығармашылық байқауының финалы және салтанатты марапаттау рәсімі “Алатау” дәстүрлі өнер театрында 700 көрерменнің қатысуымен өтті.
Сонымен қатар, жоба аясында қыркүйек айынан бастап Халықаралық студенттер күніне арналған Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған “Үздік студенттік топ” конкурсы ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, “Жайдарман” мерейтойлық 25-маусымы басталды. 16 команда қатысқан ¼ финалдық ойындар сериясы өтті. Қамту - 1,2 мың адам.
“2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 900-ден астам іс-шара өткізілді. Жыл соңына дейін 1000-нан астам іс-шара өткізу жоспарлануда”, - деді А. Кажденбек.
Алматыда жалпы саны 50 мыңнан асатын қаланың 30 ірі ұйымымен өзара іс-қимыл жасайтын қалалық волонтерлер фронт-офисі жұмыс істейді.
“2024 жылдың қаңтар айынан бастап алматылық волонтерлер 7 негізгі бағыт бойынша 250-ден астам іс-шаралар мен акциялар өткізді. Кейбіреулер ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқытумен айналысады, ал басқалары жалғызбасты зейнеткерлерге арналған пансионаттарда шығармашылық кештер ұйымдастырады. Көптеген волонтерлер жануарларға көмектесіп, қоршаған ортаға қамқорлық жасайды”, - деді ол.
“Таза Қазақстан” бастамасы мен “Алматы - біздің ортақ үйіміз” жобасы аясында еріктілер қаланы тазарту және жастарды эко-тәрбиелеу бойынша экологиялық акцияларға белсенді қатысып, Алматыны барлық тұрғындар үшін таза әрі жайлы етеді.
Қалада қатысушылар үшін мотивация және әлеуметтік лифт ретінде қызмет ететін волонтерлердің өсуінің геймификацияланған жүйесі енгізілген.
Алмалы ауданының комьюнити орталығында ел өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жиналды.
“592 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. 300 тонна - азық-түлік, 177 тонна - гигиеналық құралдар, 80 тонна - киім, қалған 35 тонна-тұрмыстық заттар. Бұл жұмыстарға 150-ден астам еріктілер жұмылдырылды”, - деп нақтылады А. Кажденбек.