×

Алматыда «Инклюзивті Алматы» бағдарламасының тұжырымдамасы талқыланды

Инклюзивті біліммен 4663 бала қамтылған.

Даурен Омаров 21.08.2024 | 13:18
Алматыда «Инклюзивті Алматы» бағдарламасының тұжырымдамасы талқыланды
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ерболат Досаевтың төрағалығымен қаланың инклюзивті ортасын дамыту жөніндегі Кеңестің II отырысы өтті.  Отырыс барысында «Инклюзивті Алматы» тұжырымдамасын әзірлеу, инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі қарастырылды, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Іс-шараға қала әкімінің инклюзия мәселесі, мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, Кеңес төрағасының орынбасары Қасиет Омарова, Алматы қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі – балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Диана Ерлан, ерекше қажеттілігі бар адамдардың мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестіктердің басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында қала әкімі инклюзивті ортаны құру әкімдік пен азаматтық қоғамды біріктіруші миссия екенін атады.

«Бүгінгі жасап жатқан әрбір қадамымыз қаламыздың болашағын айқындайды. Алматы әрбір тұрғынға деген әділ әрі қамқор қарым-қатынаста үлгі болуы керек. Бәріміз осы мақсатқа жету үшін жұмысымызды белсенді түрде жалғастырып, жаңа идеяларды енгізіп, бастамаларымызды қорғауымыз қажет», - деді Ерболат Досаев.

Әкімнің инклюзия мәселесі жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Қасиет Омарова отырыс барысында БҰҰ-ның мүгедектігі бар адамдардың құқығы туралы Конвенциясын жүзеге асыруға арналған 2020-2025 жылдарға арналған Берлин іс-қимыл жоспарының негізінде «Инклюзивті Алматы» бағдарламасының тұжырымдамасын әзірлеу туралы айтып берді.

Мемлекеттік қызмет пен азаматтық қоғам құрылымында арнайы ұйымдар – федералдық, қалалық және аудандық деңгейдегі үйлестіру орталығын іске асырудың механизмі мен құралы ретінде құрылды.

«Біз басқармаларға дайындықтан өткен үйлестірушілерді тағайындай отырып, «Инклюзивті Алматы» тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін жобалық кеңсе құруды, сондай-ақ кедергісіз құрылыс орталығы, цифрлық инклюзия бөлімі және басқа да жаңа құрылымдарды құруды ұсынамыз», - деді Қасиет Омарова.

Қала әкімі ұсынылған бастамаларды қолдап, «Инклюзивті Алматы» тұжырымдамасын және осы бағыттағы жұмыстарды бақылау үшін мемлекеттік тапсырысты орналастыруға арналған жеке бюджет бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Отырыста ерекше қажеттілігі бар балаларға білім беру мүмкіндіктеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды.

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденовтың айтуынша, 2023-2024 оқу жылында балабақшаларда, мектептерде және колледждерде инклюзивті біліммен 4663 бала қамтылған.

Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен 21 жеке ұйымда қосымша инклюзивті білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы жүзеге асырылып жатыр. Оң нәтиже көрсеткен бұл тәжірибе жалғасады.

«Ерекше қажеттілігі бар 650 бала алғаш рет қосымша біліммен қамтылды, оған 480 миллион теңге бөлінді. Біз осы салада жұмыс істейтін ҮЕҰ-дарды шақыруға және қажетті мемлекеттік тапсырысты орналастыруға дайынбыз, осылайша ерекше балаларды қосымша біліммен көбірек қамтуға мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар, бұл мәселеде білікті маман даярлауға да бюджеттен қаражат бөлуге дайынбыз», - деді қала әкімі.

Жиында ерекше қажеттілігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік қолдау мәселесі де қағыс қалмады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасовтың айтуынша, биыл жыл соңына дейін Алматының әрбір ауданында басқармаға қарасты ұйымдар базасында Ерте араласу қызметі құрылады. Бұл жұмысты үйлестіру үшін білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өкілдерінен жасақталған комиссия құрылды.

Қала әкімінің тапсырмасымен 288 адамға 1,3 миллиард теңгеге жеке инновациялық қымбат техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Мобильділікті арттыру үшін биыл инватакси саны 100 көлікке дейін артты. Биыл шығармашылық қабілеттер мен әлеуметтендіруді дамыту мақсатында «Әлеуметтік интеграция орталығы» ашылды. Санаторлық-курорттық ұйымдардың тізімі екі есе көбейіп, жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жалғасып отыр.

15 мың нысанның төлқұжаты жасалып жатыр. Қабылданған «МСАК бірыңғай стандарты» бағдарламасында физикалық, ақпараттық және цифрлық қолжетімділікті қамтамасыз ету көзделген. Сондай-ақ, бұрын салынған әлеуметтік нысандар бұл талаптарға әрдайым сай келмейді. Осыған байланысты Ерболат Досаев қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысына Кеңес мүшелерімен бірлесіп, құрылыс ережелеріне инклюзия нормаларын қосу бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Бұған қоса, жиында қоғам қайраткерлері де ұсыныс айтты. Атап айтқанда, инклюзивті білім беру саласының сарапшысы Әлия Архарова ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және педагогикалық кадрлардың әлеуетін нығайту қажеттігін атап өтті. «Ерекше балалары бар ата-аналар одағы» РҚБ басқарма төрағасы Рауана Сағадиева инклюзивті хаб - мамандықтар академиясын құру мәселесін көтерді, онда мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар қосымша білім алып немесе коррекциялық педагогика бойынша қайта даярлаудан өте алар еді. «Жан» мүгедектер құқықтары жөніндегі Азиялық қоғам» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ілияс Фаткулин көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар балаларды цифрлық дағдыларға оқыту бойынша пилоттық жобаны ұсынды. Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсының филиал жетекшісі Жанар Әбдіхалықова мүгедектігі бар балаларға мектептерде білім алу жағдайын жасау қажеттілігі туралы мәселені көтерді. «Қайрат Иманалиев атындағы мүгедектердің құқығы жөніндегі комиссия» ҚБ төрайымы Гүлмира Бурашева мүгедектігі бар адамдарды салалық сарапшылар ғана емес, мемлекеттік қызметшілер ретінде де әкімдіктің барлық құрылымдық бөлімшесіне тарту туралы ұсыныс айтты.

Өз кезегінде Алматы қаласы мүгедектер қоғамының төрағасы Ұлан Іңкәрбеков Кеңестің әкімдік пен ҮЕҰ арасындағы тиімді диалог алаңына айналғанын, мұнда мыңдаған азаматтың қолжетімді ортасын қамтамасыз ету мәселесі шешілетінін атап өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша Алматыдағы инклюзивті ортаны одан әрі дамыту бойынша құрылымдық бөлімшелерге ұсыныстар мен кеңестер әзірленді. Қала әкімі Кеңес мүшелерімен «Инклюзивті Алматы» тұжырымдамасын әзірлеу бойынша ынтымақтастықты жалғастыруды тапсырды.

Шымкентте аудандық прокуратура ғимараты ашылды

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Қойгелдиев Ғалымжан қатысты
Adal Adam Adal Adam 25.11.2024 | 21:39

В Уральске оштрафовали бывшего госслужащего за мошенничество

Его приговорили к штрафу в размере 5 млн тенге
Алина Мороз Алина Мороз 25.11.2024 | 17:39

Шымкент станет еще безопаснее

Cистема видеонаблюдения в Шымкенте уже дала свой положительный эффект
Павел Седых Павел Седых 25.11.2024 | 17:24

Токаев принял Министра труда и социальной защиты населения

Президент дал ряд поручений по совершенствованию социальной политики      
Алина Мороз Алина Мороз 25.11.2024 | 16:11

В Атырауской области построят школу на возвращенные средства

Правительством принято решение о выделении 2 млрд тенге
Алина Мороз Алина Мороз 25.11.2024 | 15:32